top of page

Балаларды тасымалдау кезіндегі мектеп автобусындағы қауіпсіздік

         Қазіргі таңда болашақ ұрпақтың өмірін қауіпсіз ету және оқу үрдісінен айырмау мақсатында балаларды мектеп автобусы тасымалдайды. Мектеп автобусының басты мақаты: бала өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Білім беру ұйымдарындағы мекеп автобусының көмегі өте зор, мәселен түрлі шығармашылық кештерге, өзге мектептер мен сабақтастық орнату мақсаты қолға алынып, жүзеге асырылуда.

       

          Республикамызда «Балаларды тасымалдау» туралы арнайы ережелер мен заңдар бар. Бізде сол ережелер мен заңдардан ауытқымай жұмыстанып келеміз. Заңға сәйкес бала өміріне жауапкершілік мектеп автобусымен тасымалдау түгелдей мектеп әкімшілігіне жүктеледі. Сондықтан да, бізде өз тарапымыздан балаларды тасымалдау кезінде үлкен көңілді автобус қауіпсіздігіне бөлеміз.

            Балаларды тасымалдау кезіндегі негізгі талаптар:

  • Шанақтың сыртқы бүйірлік жақтарында, сондай-ақ автобус симметриясының білігі бойынша алдында және артында «БАЛАЛАР» қарама-қарсы түсті жазбалар түсірілуі керек.

  • Автобус алғашқы көмектің екі дәрі қорабымен (автомобильдік) жабдықталуға тиіс.

  • Автобуста кем дегенде екі өрт сөндіргіш орнатуға арналған орындар қарастырылуы қажет, бұл жерде орындардың бірі жүргізуші отырғышының жанында болуы керек  талаптардың барлығы орындалуы ұсынылады.  

bottom of page